ОҚО: Кентаулықтар қала күнін атап өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен қатар келген қазыналы қарт Қаратаудың қойнауында орналасқан, тәж қала Кентауға 61 жыл толып отыр. Кентаулықтар айтулы мерекені ерекше атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кентау қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қаладағы Ынтымақ алаңында өткізіліген салтанатты жиын қала жастарының патриоттық әнімен басталды. Алғашқы құттықтау сөзді алған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, қаланың қаланың «Құрметті азаматы», «Қала жанашыры» сияқты марапаттарды табыстады. Сонымен қатар, «Қала күніне» орай өткізілген гүлдер, сурет салу, мақала жазу, телебайқаулардан орын алған жеңімпаздарды марапаттап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, қаланың өнерлі жастары Кентау жайында ән шырқап, мың бұралған бишілер қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кентау жұртышылығы «Қала күнін» ерекше атап өтті. Тек әз-Наурыз мерекесінде ғана қойылатын киіз үйлер бүгінгі мерекеде тігіліп, мерекелік дастархан жайылды, ыстық тағамдар таратылды. Осылайша, мерекені кентаулықтар думандатып тойлады.

Бүгінгі таңда қаланың инфрақұрылымдық жүйелері жаңартылып, абаттандыру, көріктендіру жұмыстары айтарлықтай атқарылуда. 2014 жылдан бері «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша елеулі істер жасалды. «Кентау қаласындағы «Болашақ», «Батыс» және «Жұлдыз» мөлтекаудандарының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы» басталып, осы уақытқа дейін жалғасын табуда.

2015 жылы қаланың электр жүйесі мен кәріз жүйесінің құрылысы толығымен аяқталған. 2016 жылы нысанның суағар орнату жұмыстары және асфальт жол төсеудің бастапқы жұмыстары наурыз айында басталып, қазіргі таңға дейін жүргізілуде. Яғни, «Болашақ» мөлтек ауданында 13 көшеге асфальт төселді. «Батыс» және «Жұлдыз» мөлтекаудандарында тас төсеу, тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар