19:20, 23 Мамыр 2016 | GMT +5
ОҚО: Ломбардта жұмыс істейтін әйелдер жасаған ұрлықтарын жасыру үшін мекемені тонады деп хабар берген
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ломбардта жұмыс істейтін әйелдер жасаған ұрлықтарын жасыру үшін мекемені тонады деп хабар берген. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, 15 мамырда Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті ломбардтың тоналғаны жайлы хабар түсті. Жапа шегушінің сөзіне қарағанда, таңертең ломбардқа бетперде киген белгісіз ер адам баса көктеп кіріп, қызметкерді темір затпен ұрған. Кейін сейфтің кілтін алып, барлық алтынды алып, тайып тұрған. Келтірілген шығын сомасы 15,5 млн теңгеге бағаланды.
Аталған факт бойынша полицейлер ҚР ҚК 191-бабына («Тонау») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бірқатар сараптама тағайындалды.
Алайда тергеу шаралары кезінде бұл жалған хабар болғаны анықталды. Осылайша олар өз ұрлықтарын жасырып қалмақ болған.