ОҚО мектеп оқушылары қатерлі ісікке шалдыққан құрбысына көмектесу үшін ақша жинады

ШЫМКЕНТ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Шымкентте аңқасы қатерлі ісікке шалдыққан жасөспірімге көмектесуге қайырымдылық шаралары жүргізілді.
None
None

Мақсат Ақынов шетелде емделуді қажет етеді, бірақ оның отбасының ақшасы жоқ. Бұл балаға оның сыныптастары көмектесуді ұйғарды, олардың бастамасын қаланың барлық мектеп оқушылары қолдады. Жасөспірімдерге қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға қалалық әкімдік те көмектесті.

Шымкент қаласының әкімі Қайрат Молдасейтовтің айтуынша, бұл акция ең нұрлы мейрамдардың бірі Наурыз қарсаңында өтіп жатқанымен де мәнді. Жасөспірімдер өз қолдарымен жасаған жұмыстарын сатуға қойды: суреттер, ұсақ-түйектер, папье-маше. Аукцион қатысушыларының бірі жоғарғы сынып оқушысы Ақтолқын Бұқарбаеваның айтуынша, ол достарымен қайырымдылық шараларына қатысу шешімін ойланбай-ақ қабылдаған.

Мектеп оқушылары 2 миллион 200 мың теңге жинады. Балалар бір жарым миллион теңгені Мадиярдың есебіне аударуға ниетті. Бұл Германияда емделу курсына жетерлік. Қалған ақшаны жасөспірімдер көп балалы мұқтаж отбасылар арасына бөліп береді. Олардың барлығы Наурыз күні азық-түлік себетін алады.

Соңғы жаңалықтар