ОҚО: «Нұр Отан» партиясы Түлкiбас аудандық филиалында жаңа ғимараттың құрылысы жүргiзiлуде

Оның айтуынша, 2013-2014 жылдары 4 490 оңтүстікқазақстандық партия қатарына қабылданып, өңiрiмiзде «нұротандықтардың» саны 84 682-ге жеткен. Облыстық партия филиалының 1 конференциясы, Саяси кеңестiң 3 мәжiлiсi, Саяси кеңес бюросының 15 отырысы және облыстық мәслихаттағы партия фракциясының 14 отырысы өткiзiлген. Аталған жиындарда партияның сайлауалды тұғырнамасы мен мемлекеттiк бағдарламалардың орындалуы бойынша 12 аймақтық партия кураторларының, 41 облыстық мәслихат депутаттарының, 10 аудан, қала әкiмдерiнiң, 13 облыстық басқармалар мен департамент басшыларының есептерi тыңдалса, түрлi деңгейдегi 7 қызметкердiң партиялық жауапкершiлiгi қаралып, тиiстi шаралар көрiлiптi.
- Облысымызда «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты бекiткен «Мықты бизнес - қуатты мемлекет», «Кедергiсiз келешек», «Айқын тариф», «Бiздiң ауыл», «Бақытты балалық», «Ардагерлердi ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Партияның жаңа 50 тұлғасы», «STOP Қылмыс», «Сәттi қадам», «Жастар Отанға», «Жастар кадрлық резервi» партиялық жобалары жүзеге асырылуда. Бұл жобаларға 16 мыңнан астам оңтүстiкқазақстандық азамат қатысты, - дедi Алмасбек Кеңесбекұлы.