ОҚО-ның 5358 тұрғыны «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында тұрақты жұмыс орнына орналасты

ШЫМКЕНТ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Шымкентте «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жұмысының қорытындысы шығарылды. 
None
None

Жұмыспен қамту орталығына әлеуметтік келісімге отырған 29482 адам өтініш білдірді. 769 кәсіпорын 7800 әлеуметтік жұмыс орындарын ашты. Орташа жалақы мөлшері 46 мың 900 теңгені құрады. Аталмыш бағдарламаның екінші бағыты бойынша 628 адам кәсіпкерліктің негіздерін оқыды. 529 адам шағын несие алып, 131-і өздерінің жеке істерін ашты, 398 адам өз істерін дамытуға қаражат құйды.

Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыспен қамту бағдарламасымен айқындалған міндеттерді іске асыру барысында 2015 жылға қарай келесідей көрсеткіштерге қол жеткізіледі: жыл сайын 14-26 мың адам жұмыспен қамтылып, кедейліктің деңгейі 8,2 пайыздан 6 пайызға дейін төмендейді. Жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыздан аспайтын болады.

Соңғы жаңалықтар