ОҚО-ның әділет басқармасында 800 мың теңгеге жұмысқа орналасуды ұсынған

ШЫМКЕНТ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Түркістан қалалық Әділет басқармасы жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің жетекші маманы ұсталды.
None
None

Оған алаяқтық бойынша айып тағылуда. Белгілі болғандай, ұсталған азаматша жергілікті әйел тұрғынға оны әділет басқармасына еңбекке орналастыруды уәде еткен. Өзінің қызметін күдікті 800 мың теңгеге бағалады.

Ұсталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 177-бабы, 3-тармағының «г» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаржы полициясы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сот санкциясымен әйел қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар