ОҚО-ның Қазығұрт ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасымен мектептер салынуда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында құрылыс қарқыны жыл өткен сайын артып келеді, деп хабарлайды shymkenttv.kz.
None
None

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, биыл ауданда 6 мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Бұл мақсатта ұлттық қордан 2 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылып, 2017 жылға өтпелі 3 мектептің және «Болашақ» мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізілуде. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 100 орынға лайықталған мектеп құрылысы басталып кетті. Елімізде білім және ғылым саласын дамытуға жыл сайын ерекше көңіл бөлініп, көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Бұл мақсатта Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылында Махамбет Өтеміс атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы басталды. Бұған дейін білім ұясы аудан аумағында апатты жағдайдағы мектептің бірі болатын. Қазір барлық жұмыс тиісті деңгейде атқарылып жатыр.

ОҚО Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Тәйбек Қалымбетовтың айтуынша, ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4 мектептің құрылысына 2,400 миллионнан астам қаржы бөлінген. Біреуі осы қыркүйек айында пайдалануға берілді. Шарапхана және Қызылқия ауылдарында 300 орынға лайықталған мектеп құрылысы басталып кетті. Алтынтөбе ауылдық округінде мектеп құрылысы жақсы жүргізілді. Сондай-ақ, 200 орындық Тұрбат ауылында мектеп пайдалануға берілді. Бұл нысандар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2017 жылы пайдалануға берілмек.

     Айту керек, Тәуелсіздік жылдары аудан көлемінде 25 білім ошағы, 31 денсаулық, 11 мектепке дейінгі мекеме бой тіктеген. Ауданда ауыз толтырып айтарлықтай сәулетті ғимараттар жыл санап көбеюде.

 

Соңғы жаңалықтар