ОҚО-ның Леңгір қаласында бес қабатты үй өртенді, бір адам мерт болды

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні, түс ауа Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Леңгір қаласында 5 қабатты тұрғын үй өртенді.
None
None

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт 5 қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен шықты. Жалын жарты сағаттың ішінде сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыды. 35 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Өрт болған жерде ер адамның мәйіті табылды.

Соңғы жаңалықтар