ОҚО-ның Сарыағаш ауданында 2 жаңа мектеп ашылды
Оларды пайдалануға беру арқылы ауданның апат жағдайында тұрған мектептердің мәселелері жартылай шешілді. Апат жағдайында тұрған мектептердің мәселесі осы жылы толықтай шешіледі.
«2010 жылдың 1 қырқүйегі бойынша ауданда 10 мектеп апат жағдайында тұрған болатын. Бүгінде олардың екеуі пайдалануға беріледі. Осы уақытқа дейін біз 4 мектепті пайдалануға берген едік. Ендігіде 4 мектеп апат жағдайында тұр, оларды біз оқу жылының соңына дейін пайдалануға бермекпіз», - деді Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Ерлан Ырысбаев. Сондай-ақ ол бүгінгі күнде ауданда 67 мың бала оқитын 142 мектеп жұмыс істейтінін айта кетті.
Қызылту және Жаңадәуір ауылдарында бой көтерген 2 мектеп республикалық бюджеттің қаражатына салынды. Әр мектеп 600 орынмен қамтамасыз етілген. Бұл 2 мектеп жарты ғасырдан астам уақыт бойы тұрған жерде салынды.