ОҚО Отырар ауданындағы жолдар мен егістіктер Сырдарияның тасуы салдарынан су астында қалды

ШЫМКЕНТ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Маяқұм ауылының тұрғындары тасқыннан қауіптенуде.
None
None

Сырдария өзенінің арнасынан шыққан су Түркістанға барар жолды шайып тастады, егістіктер су астында қалды, су ауыл шетіне жақындап қалды. Тасқын болған жерде ОҚО ТЖ департаментінің күштері жұмылдырылып отыр.

 «Біз ТЖ салдарын жою бойынша тиісті шараларды қолданудамыз,  қолда бар техниканың барлығын осында жіберіп отырмыз. Облыс әкімінің шешімімен 20 тонна жанар-жағармай  берілді. Барлық қажетті жұмыстар қауіп артқа шегінгенге дейін жүргізіледі», - деді ОҚО әкімінің орынбасары Сәкен Қоныбеков.

2005 жылы Маяқұм ауылы күшті су тасқынын басынан өткізген, олардың үйлері зардап шекті. Сондықтан тұрғындар арнадағы суды  үрейлене бақылайды. Олар арнаның үстін шамамен 8 шақырымға басқан мұзды ойып алу керек деп санайды. Алайда билік мұндай шешімдер қабылдауға асықпауда.

 «Бізде мұзды алып тастау үшін арнайы техниканың 20 бірлігі мен 30 тоннадан астам жарылғыш зат бар. Бірақ жарудан кейін тасқынның басқа бағытта жүруінің ықтималдылығы бар, сондықтан бұл мәселе әзірге қарастырылып отыр», - деп түсіндірді ОҚО бойынша АҚ және ТЖ-дың алдын алу басқармасының бастығы Кенжехан Төлебаев. Оның айтуынша, қазіргі кезде су Көксарай су реттегішіне жіберіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар