ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болып Бақытжан Әшірбаев тағайындалды

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
57 жастағы Б.Әшірбаев Шымкент қаласында дүниеге келіп, «сәулетші» мамандығы бойынша жоғары білім алған соң, сол жерде көп жылдар бойы сәулет пен құрылыс саласында тер төккен. Еңбек жолын 1975 жылы Шымкенттегі «Южгорсельпроект» мемлекеттік жобалық институтында сәулетші болып бастаған. 1981-1999 жылдар аралығында Шымкенттің бас сәулетшісі болды.
1999 жылдан 2005 жылдар аралығында Б.Әшірбаев «Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын өткізу мен дайындығы бойынша дирекцияны» басқарды. Кейін ол ОҚО бас сәулетшісі, ОҚО әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бастап - «Оңтүстік басжоспар» ЖШС директоры.
Б.Әшірбаевқа дейін ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болған Жанболат Төлтаев басқа жұмысқа ауысты.