ОҚО: Созақ ауданының инфрақұрылымы икемделіп, сәулеті мен құрылысы қарқын алған

Сонымен қатар, аудан орталығының инфрақұрылымын заман талабына сай қайта жасау жұмысы атқарылуда. Шолаққорған ауылындағы Наурыз мөлтек ауданы мен Ақшам мөлтек аудандарына жаңадан инфрақұрылым жүргізілсе, Жеткеншек мөлтек ауданының жаңа инфрақұрылымының құрылысы жүргізілуде.
Егемендік алған бергі жылдарда ауданымызда 206,6 мың шаршы метрді құрайтын 4000-ға жуық жеке тұрғын үйлер салынды. 1991 жылы 9080 отбасы, 7650 тұрғын үй болса, 2016 жылы 13 350 отбасы, 11 825 тұрғын үйге жетті.
Жалпы, Созақ ауданында 2005-2016 жылдар аралығында 15 млрд. теңгеге -154 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Оның ішінде: 20 - типтік орта мектеп, 2 - мектепке дейінгі жалпы білім беретін мекеме, 7 - балабақша, 28 тұрғын үй, 2 пәтерлі 3 тұрғын үй, 20 - денсаулық сақтау нысаны, 2 - мәдениет үйі, 3 - спорт зал, 1 - Стадион, 1 - Спорт кешені, 1 шағын футбол алаңшасы, 3 - биологиялық қалдықтарға арналған «Беккари» шұңқыры, 2 - мал емдейтін станок, 3 - мал тоғыту бекеті, 7 елдімекенге мал өлексе тастайтын орын, 14 елді мекенге ірі қара малды қолдан ұрықтандыру бекеті, 2 парк құрылысы, 3-әкімшілік ғимараты, 3 - инженерлік инфрақұрылым, 2-арка, 21 елді мекенге ауыз су құбырлары жүргізілді, 3 елді мекендегі ауыз су құбырларына ұңғыма қазылып пайдалануға берілді.
Биылғы жылдың1 желтоқсанында салынып жатқан 50 тұрғын үй пайдалануға беріледі.