ОҚО: Созақ ауданының өнеркәсіп саласында өрлеу бар

Қазіргі таңда аудан көлемінде «Таукент тау-химиялық кәсіпорны» ЖШС, «Ыңғай» БК» ЖШС, «Катко» БК», «Бетпақ-дала» БК» ЖШС, «Теріскей» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Аппақ» ЖШС, «Орталық қазып шығаратын кәсіпорны» ЖШС секілді ірі және орта өндірістік кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп келеді.
Сонымен қатар, құрылыстық, өндірістік және тау кен өндірісінде қызмет көрсету бағытындағы «Техноэнергосервис» ЖШС филиалы, «Шымкентдорстрой» ӨК, «Созақ тұз» ЖШС, «Қаратау» ЖШС жұмыс атқарып келеді. Жоғарыда аталған өнеркәсіптік кәсіпорындардың жігерлі жұмыстарының нәтижесінде өнеркәсіп өнім көлемі артты. Өнеркәсіпте жаңа өндірістерді іске қосу есебінен және аудан экономикасының өсу резервтерін тиімді пайдалану арқылы өнеркәсіп өнімінің көлемін өсіру көзделуде. Аудан өнеркәсібі тек қана уран өндіруші кәсіпорындарына тәуелді болып қалмау үшін индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда ауданның индустриалды аймағы құрылды. Индустриалды аймақта жалпы құны 866,6 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іска қосылса, алдағы уақытта жалпы құны 5 550 млн. теңгені құрайтын тағы 1 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұдан бөлек, ауданның Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 18 583 млн. тг. құрайтын 2 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Индустрияландыру картасындағы және Индустриалды аймаққа еңгізілетін жобаларға өзектендіру процессі жыл сайын жүргізілетіндігін ескерсек, бұл көрсеткіш өзгеріп, жоба саны мен инвестиция көлемі артатын болады.