ОҚО: Түлкібаста кәсіпкерлік саласы түлеп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлік - ел экономикасы дамуының бірден-бір тетігі. Оңтүстікте осы себептен де шағын және орта бизнес саласына айрықша көңіл бөлінген. Бір ғана Түлкібас ауданында биылдың өзінде 40-қа жуық азамат жеңілдетілген несиеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Олардың 90-нан астамы арнайы курста оқытылып, құжаттарын тапсырып қойды. Көпшілігі мал басын көбейтіп, сүт өнімдерін өндірумен айналыспақ.

Жеке кәсіпкер Алмас Тұрдалиевтың айтуынша, кәсіпкерлер білмейтін жеке мәдениетті, этиканы, дұрыс бағытта жұмыс істеуді үйренген. Бизнес жоспарды дұрыс жасауды меңгерген. Жыл басталғалы орталықтың көмегіне жүгінген 700-ге жуық азамат әртүрлі бағыттағы кеңестерге қанықты. Оның ішінде 87 адамның рұқсат құжаттары рәсімделді. Несие алушы 42 кәсіпкерге бизнес-жоба жазылып берілді. Нәтижесінде 38-і несиеге қол жеткізді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен 78, ал, 90 адам салалық шеберлікті дамыту курсынан өтті. Бұл мемлекеттік бағдарламаның аудан аумақтарында тиімді жүзеге асып отырғанын көрсетеді.

«Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Түлкібас аудандық филиалының директоры Мұрат Ергебековтың сөзінше, кәсіпкерлер нысан үшін алатын АКТ, техникалық жағдай, жоба шарттарын алуға орталық көмектеседі. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы басқа да қажетті құжаттарды алуға көмектеседі және арнайы мамандар кеңес береді.

Кәсіп ашамын десеңіз, кеңес берушілерді де, жобаны әзірлеуші мамандарды да «Оңтүстік» қызмет көрсету орталығынан таба аласыз. Әр ауданда мекеме бөлімшелері дамылсыз қызмет етеді. Тек өзіңізге қажетті бағытты айқындап, тың идеямен барсаңыз болғаны.

Соңғы жаңалықтар