ОҚО тұрғындарынан базарлық: Астаналықтарға 10 тонна көкөніс пен жемістер жөнелтілді

ШЫМКЕНТ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер еліміздің бас қаласына көкөністер мен жеміс-жидектер тиелген көліктердің керуенін шығарып салды.
None
None

Елордалықтарға 10 тонна ауылшаруашылық өнімдері жөнелтілді. Көкөніс пен жеміс-жидектермен қатар 10 тонна құс еті және 3 тонна шұжық өнімдері артылды.

Азық-түлік өнімдері Астанадағы балалар үйлері мен қарттар үйлеріне тегін таратылатын болады.

Айта кетейік, азық-түлік тиелген көлік Астанаға бүгін жетуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар