ОҚО тұрғыны төрт сәбиді дүниеге әкелді
![None None](/static/img/plug.webp)
Төрт нәресте 11 наурыз күні жарық дүние есігін ашқан. Ең бірінші болып 1500 гр салмақпен Фатима есімді қыз бала туды. Оның артынан Хасан (1590 гр), Зухра (1200 гр) дүниеге келді. Төртеудің соңғысы Захра 1490 грамм салмақпен туды. Анасы мен балалардың жағдайы бірқалыпты дейді дәрігерлер. Акушер дәрігер Гүлжанат Байзақованың айтуынша, енді балаларға күтім көрсетудің екінші кезеңіне ауысу жоспарлануда. Балалар анасының сүтімен қоректенуде, бірақ олар салмақтары тым аз болуына орай қосымша тамақтандырылып жатыр. Р.Шерметованың 7 жасар ұлы бар екен. «УДЗ құрсағымда төрт сәби бар екенін көрсеткенде, жолдасым басында шошып кеткенмен, артынша қатты қуанды. Балалардың төртеу екенін жүктіліктің екінші айында білдім. Көтеру оңай болмады, жатырымда ісік болды, сондықтан да ауыр соқты», - дейді көп балалы ана. Р.Шерметова ауруханаға 11 наурыз күні түскен. «Бірнеше нәресте көтеріп жүргендіктен, оған шұғыл ота жасалды, техникалық қиындықтар болған жоқ», - дейді акушер-гинеколг. Нәрестелер 6 күн жан сақтау бөлімінде болған, ал қазір аналарының жанында.