ОҚО: Түркістанда «Болашақ -жастардың қолында» атты жиын өтті

«Болашақ - жастардың қолында» атты жиында азаттықтың қадір-қасиеті дәріптеліп, ұлт бірлігі насихатталды. Жастардың қоғамның әлеуметтік дамуы жолындағы белсенділігі дәріптелді. Әлеуметтің еңбекке жарамды болып, әл-ауқатының артуы, ең алдымен, денсаулыққа байланысты. Сондықтан да халық саулығын нығайтып, оларды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау ұстаздардың да, ата-аналардың да басты міндеті. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының мамандары да осы тұрғыда жиі кеңес беріп тұрғаны абзал. Ал, білікті кадр болып, даярланып, елге еңбек ету - жастарға жүктелер басты міндет. Азаттықтың ақ таңы атқан 25 жылда елімізде атқарылған ауқымды істер аз емес. Елбасының білікті маман даярлау саясаты жастардың жан-жақты білім алуына мүмкіндік берді. Жастардың патриоттық негізде тәрбиеленіп, елге қызмет ететіндей болып жетілуі қажет. Жастар болашақтың тізгінін ұсатйтын бірден бір күш. Олар қашанда білімді, бәсекеге қабілетті болуы шарт. Жиында айтылған келелі ой азаттықты дәріптеуге бағытталды. Ел ертеңі - жастардың патриоттық рухта тәрбиеленіп, мәңгілік елдің мәңгілік ұрпақтары болатынына сенім білдірілді.