ОҚО ТЖД-де аттестаттаудан кейін өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қатары 257 адамға қысқарды

ШЫМКЕНТ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Шымкентте ТЖД қызметкерлерінің аттестациясының қорытындысы шығарылды.
None
None

100-ден төменгі звено аса қызметкерлері тестілеуден өте алмады, олардың бір бөлігі дене шынықтыру нормативтерін орындай алмаса, екіншілері заңнаманы білуде нашар нәтиже көрсетті.

ОҚО ТЖД басшысының орынбасары Бақытжан Құлмахамбетовтің сөзіне қарағанда, 1400 адамның 205 қызметкері қызметін жоғарылатуға ұсынылды, 1081 қызметкер қызметіне лайық деп танылып, 127 адам қызметін төмендетуге ұсынылды. Сондай-ақ 42 қызметкер басқа қызметке ауыстырылып, 207 адам жұмыстан босатылады.

Айта кетейік, аттестаттау басталмас бұрын 50 адам өз еріктері бойынша ТЖД-нің қатарынан кетті. Барлығы ОҚО-да аттестаттаудан кейін өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қатары 257 адамға қысқарды.

Соңғы жаңалықтар