13:45, 27 Ақпан 2012 | GMT +5
ОҚО ТЖД: Су басу қаупі бар өңірлердің басшылары мен тұрғындары тасқындарға дайын болулары керек
ШЫМКЕНТ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Құтқару қызметі су басу қаупі бар өңірлердің басшылары мен тұрғындарын тасқындарға дайын болуға шақырып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД ескерту жариялады. «Қалалар мен аудандардың барлық әкімдеріне, су басу қаупі бар елді мекендерде сулы нысандардың арналарын және дамбыларды бекіту жұмыстарын ұйымдастыру қажет», - делінген таратылған хабарламада.
27-28 ақпан күндері ОҚО-ның аласа таулы аумақтарында жаңбыр мен күннің жылынуы су басу жағдайларын тудыруы ықтимал. Жағдайды секундына 20 метрге дейін соғатын жел өршітуі мүмкін.