Оқушылар арасындағы экологиялық бизнес-жобалардың VII Республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Жастар жетістігі» қоғамдық қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен ұйымдастырған бұл байқауға Қазақстанның барлық аймағынан 300-дей жоба келіп түскен көрінеді. Олардың үздік деп табылған 27-сі арнайы дипломдар мен мақтау қағаздарымен марапатталып, оның 11-ін жүзеге асыру үшін қаржылай грант бөлініп отыр. Олар: Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы дарынды балаларға арналған №4 мектеп-интернаттың 10-сынып оқушысы Бағдат Әбдіраманов, Шығыс Қазақстан облысы Шалабай ауылының Н.Крупская атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Назар Мұздыбаев, Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 6-сынып оқушысы Анастасия Аргунова, Қызылорда облысындағы Жанқожа батыр ауылындағы №94 лицейдің 10-сынып оқушысы Сандуғаш Маратова, Сексеуіл кентіндегі №87 орта мектептің 11-сынып оқушысы Санира Асқар, Батыс Қазақстан облысының Горячкино ауылындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Нұркен Медет, Амангелді кентіндегі орта мектептің 9-сынып оқушысы Назгүл Лесова, Железнова ауылындағы Ульяновск орта мектебінің 8-сынып оқушысы Анастасия Чарикова, Қостанай облысы Докучаевка ауылы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Дмитрий Демьяненко және Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы №4 дамуы шектелген балаларға арналған мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы Толқынай Қашқынбаева, Пионерская ауылындағы жетім балаларға арналған балалар үйінің 6-11 сынып оқушыларының жобалары.