Оқушылар Даңқ мемориалының жанында құрметті қарауылға тұрды
Даңқ мемориалының жанына, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған құрметті қарауылға қала мектептерінің үздік жоғары сынып оқушылары тұрды. Оркестрдің сүйемелдеуімен кадет мектебінің тәрбиеленушілері саппен жүріп өтті. Оқушылар өлең оқыды.
«Соғыс ардагерлері қоғам тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа, мемлекет басшылығы тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға дән риза», деп атап көрсетті ардагер, оставкадағы полковник Вонстантин Золотов.
Биылғы мерейтой жылы Павлодарда Жеңіс алаңындағы Даңқ обелискіне, Кеңес Одағының Батыры Қанаш Камзиннің ескерткішіне және ардагерлер саябағындағы Т-34 танкінің жанына Еске алу вахтасының құрметті қарауылдары қойылды.