Оқушылардың Павлодар-Омбы халықаралық жорығы 9 мамырда аяқталады

ПАВЛОДАР. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - №24 мектеп оқушыларының 28 сәуірде Павлодарда басталған дәстүрлі жорығы 9 мамырда Омбы қаласында аяқталады, деп хабарлады білім бөлімінен.
None
None

Бұл шара Ұлы Жеңіс күніне және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Жорықтың бағдары өтетін елді мекендерде балалар футболдан, баскетбол және волейболдан жолдастық кездесулер өткізіледі. Олар соғыс және еңбек ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен, Павлодар және Омбы облыстарының танымал азаматтарымен, жастар бірлестіктерінің өкілдерімен жүздеседі.

№24 мектептің оқушылары бұл халықаралық жеңілатлетикалық шараны осымен он үшінші рет өткізіп отыр. Павлодарлық жастар өздерінің шыдам-төзімдерін, жеңіске деген еріктерін сынау үшін жыл сайын алыс жорықтарға аттанады.

Соңғы жаңалықтар