Олимпиада-2012: Байдаркада ескек есуден Наталья Сергеева финалға жолдама алды

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарында 500 метрлік қашықтыққа жеке дара байдаркада ескек есу сайысында Қазақстан ұлттық құрамасының басты үміті Наталья Сергеева ақтық финалға өтті.
None
None

Қарағанды облысының тумасы 1:53.888 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп, өз тобында төртінші келді. «Алтын» медаль үшін жарыс 9 тамызда өтпек.

Наталья Сергеева Халықаралық санаттағы спорт шебері.  Ұзақ уақыт Армияшылардың орталық спорт клубының атынан өнер көрсеткен ол, қазіргі уақытта Алматының Динамо командасы атынан жарыс жолына шығып жүр. Айта кетерлігі, бұл спортшы өткен жылы өте тамаша өнер көрсетіп, әлем кубогының үш кезеңінде бір алтын, екі күміс медальді еншіледі. Ал әлем чемпионатында Беларусь спортшысымен өткен жарыста жарты секундқа кейін қалып, жүлделі үшінші орыннан қағылды.

Соңғы жаңалықтар