09:19, 02 Тамыз 2012 | GMT +5
Олимпиада-2012: Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қанат Әбутәліповтің жеңілісіне орай пікір білдірді
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпидасының 5-ші жарыс күнінде 56 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Қанат Әбутәліпов ирландиялық қарсыласы Джон Невинге есе жіберген еді.

Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қанаттың осы жеңілісіне орай пікір білдірген бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов: «Қанат қолынан келгеннің бәрін де жасады. Оның қарсыласы өте мықты болды. Олар бір-бірін біледі әрі осы жолы ирландық сәл де болса басымдық танытты. Бұл Олимпиада ойындары, барлық қарсыластар да мықты. Жеңіс бар жерде жеңіліс те бар. Кейбір елдің барлық боксшысы жарыс жолынан шығып қалады. Біздің әлі спортшыларымыз бар, күрес жолын жалғастырамыз. Мен Қанаттың Лондоннан кейін бокс мансабын жалғасыратынын не жалғастырмайтынын білмеймін. Дегенмен, оған алғысымды білдіргім келеді», - дейді.