12:39, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Олимпиада-2012: бүгін қазақ боксшылары Біржан Жақыпов пен Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығады
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов француздық спортшы Джереми Бекуге, Данияр Елеусінов америкалық Джамель Херрингке қарсы шаршы алаңға шығады,

деп хабарлайды Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
31 шілде күні 49 және 64 келіге дейінгі салмақ дәрежелері бойынша жекпе-жектер өтеді. Тәжірибелі қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов француздық спортшы Джереми Бекуге қарсы кездесуді Астана уақыты бойынша 18.30-да өткізеді.
Ал 64 келі салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусіновтің америкалық боксшыға қарсы жекпе-жегі 22.30-да «Хабар» арнасынан беріледі.