Олимпиада-2012: Ғани Жайлауов қана қазақстандық жанкүйерлердің үмітін ақтады - күн қорытындысы

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - 2 тамызда Қазақстан Олимпиадалық құрамасының қоржынына еш медаль түспеді,
None
None

 деп жазады http://www.olympickhabar.kz.

Зор сенім артылған Максим Раков (100 кг.)  татамидегі тартысты белдесуде әлемдік рейтинге не бәрі 30-шы орында тұрған әзербайжандық дзюдошыға есе жіберіп қойды. Міне, осылайша дзюдодан қазақ елінің намысын қорғауға аттанған 9 спортшының 7-еуі жарыс жолынан шығып қалды. Өкініштісі, олардың ешқайсысы  ширек финал белдесулеріне де жете алмады. Ал оларға артылған сенім зор болатын. Демек, Олимпиада ойындарынан  кейін еліміздің Дзюдо федерациясы жіберген қателіктерін түзетіп, келесі байрақты бәсекелерге татами шеберлерін әзірлеуде осы жолғыдай олқылықтарға жол бермеуге баса назар аударуы тиісті шығар.

Қазақстанның су полосынан ұлттық құрамасының да тынысы тарылып тұр. Осымен үшінші мәрте қарсыластарына есе жіберді. Кеше ғана Сергей Дроздовтың шәкірттері гректерге 4:11 есебімен ойсырай ұтылып, А тобында ең соңғы орынға тұрақтады. Олар енді 2 кездесу өткізеді. Алайда олардың жеңіске жететіндігіне сенім аз. Өйткені итальяндықтар да, хорваттар да өте мықты командалар.

Кешегі күні тек боксшыларымыз ғана еңсені көтерді. 60  келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Ғани Жайлауов 1/8 финалда Үндістан спортшысы Джай Бхагванға қарсы шығып, 16:8 есебімен басым түсті. Енді ол кемінде қолаға іліну үшін кубалық қабылан Иасниер Толедо Лопезді ұтуы тиіс.

Бүгін  еліміздің бірқатар жеңіл атлеті жарыс жолына шығады. Олардың арасында үш қарғып секіруден Ольга Рыпаковаға артылып отырған сезім мол. Өйткені ол ағымдағы  Нью-Йоркте өткен «Брилиантты лиганың» алтыншы кезеңінде бірінші талпыныстан-ақ 14,71 метрге секіріп, рекорд  жаңартып, алтын медаль иеленген болатын. Сонымен қатар Ольга осы лиганың  Дохада өткен бастапқы кезеңінде де 14,33 метр нәтижемен «алтын» олжалаған-ды.

Жарыс жолына тағы бір үміт артқан спортшымыз екі дүркін әлем чемпионы, зілтемірші Светлана Подобедова да шығады. Ол 75 келі салмақ санатында өнер көрсетеді.

Сондай-ақ бүгін дзюдодан олимпиадалық турнир аяқталады. Бұл жарыс түрінен ел намысын Гүлжан Исанова (+78 кг) мен Ержан Шынкеев (+ 100 кг) қорғайды.

Соңғы жаңалықтар