20:10, 06 Тамыз 2012 | GMT +5
Олимпиада-2012: Қазақстан балуаны Даниял Гаджиев 1/4 финалда жеңіліс тапты
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Грек-рим күресінен 1/4 финалда 84 келі салмақ санатында ел намысын қорғаған Даниял Гаджиев ресейлік Алан Хугаевтен жеңілді.

Н.Тінәлиев пен І.Ділмұхамедовтан кейін енді тағы бір Қазақстан балуаны «алтыннан» қағылды.
Еске сала кетейік, бұның алдында отандық спортшы болгариялық Христо Диянов Мариновты тізе бүктірген еді.
Даниял Гаджиев Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында туған. Ол Дәулет Тұрлыхановтың күрес мектебінде жаттығады. Лондон лицензиясын елордада өткен азиялық турнирде ұтып алған болатын.