17:36, 02 Тамыз 2012 | GMT +5
Олимпиада-2012: Қазақстандық ватерполшылар Грекияға ойсырай жеңілді
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында үшінші кездесуін Грециямен өткізген су полосынан Қазақстан құрамасы 11:4 есебімен жеңіліс тапты.

Қазақстан командасы сапынан Сергей Горовой мен Владимир Ушаков бір-бір голдан, Рустам Укуманов дубль жасады.
Лондон Олимпиадасында Қазақ елінің намысын қорғауға аттанған спортшыларымыз бұның алдында Испания және Австралия құрамаларымен кездесу өткізіп, қарсыластарына есе жіберген болатын. Келесі матч 4 тамызда Италия құрамасымен өтеді.
Еске сала кетейік, біздің ватерполшылар А тобында Испания, Хорватия, Италия, Австралия, Греция құрама командаларымен бір топта өнер көрсетуде. Әзірше топ көшінде 4 ұпаймен Испания құрамасы тұр.