15:31, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Олимпиада-2012: Онсайысшы Дмитрий Карпов алғашқы жаттығуда бірінші келді
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында жүлде үшін таласқа онсайысшылар түсуде.

Бірінші жаттығуда 100 метрге жүгіруде өз тобында Дмитрий Карпов жеңіске жетті. Екінші орын орыс Илья Шкуреневта. 100 метрге жүгіру жаттығуынан кейін қазасқтандық Карповта 881 ұпай бар. Жалпы есепте отандық спортшымыз 14-сатыда келе жатыр. Екінші жаттығуда атлеттер ұзындыққа секіруден жарысады.
Мұның алдында Афина, Бейжің Олимпиадаларына қатысып, біріншісінде қола жүлдегер атанып, екіншісінде жолы болмай қалған Д. Карпов ендігі кезектегі үшінші айқаста ұзақ жылғы жинақтаған бар өнерін аянбай жұмсауға бекінгендей. Өзі межелеген тұғырдан көрінуге күш салуға құлшынысы байқалады.