19:15, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Олимпиада-2012: Онсайысшы Дмитрий Карпов үшінші жаттығуда ең үздік нәтижеге қол жеткізді
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында жүлде үшін таласқа түсіп жатқан онсайысшы Дмитрий Карпов үшінші жаттығуда ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

Ядроны лақтыруда 16,47 метр көрсеткіш жасап, 880 ұпай алған ол спортшылардың арасында бірінші орын алды. Осылайша жерлесіміз жалпы есепте 2625 ұпай жинап, 12-ден 6-сатыға көтерілді. Ол көшбасшы Эштон Итоннан (АҚШ) 200 ұпайға қалып келеді. Онсайсшылардың келесі жаттығуы - биіктікке қарғу.
Еске сала кетейік, алғашқы жаттығуда 100 метрге жүгіруде өз тобында бірінші келген Дмитрий Карпов, екінші ұзындыққа секіру жаттығуында 10-шы болған еді.