Олимпиада-2012: С.Сәпиев ширек финалда венесуэлалық Габриел Маэстремен жұдырық түйістіреді

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат  - ХХХ жазғы Олимпиада ойындары бокс турнирінің ширек финалында Серік Сәпиев венесуэлалық Габриел Маэстремен жұдырықтасады.
None
None

Кеше түнде біздің боксшы 1/8 финалда жапондық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шыққан болатын. Ол үш кезеңде де өзінің басымдығын танытып, тіпті екінші раундта Ясухиро Сузукиді нокдаунға да жіберген еді. Дегенмен, жапон спортшысы өзінің тәжірибесі арқасында жекпе-жекті соңына дейін жеткізе алды. Шаршы алаңдағы кездесу 25:11 есебімен С.Сәпиев пайдасына шешілді.

 Ал оның қарсыласы венесуэлалық боксшы бұған дейін Оңтүстік Африка Республикасының былғары қолғап шеберін жарыс жолынан ығыстырған еді.

Жекпе-жек 8 тамыз күні Астана уақыты бойынша түнгі сағат 03:30-да өтеді.

Соңғы жаңалықтар