Олимпиада ойындарында бүгін 2 боксшымыз 1/32 кездесулерін өткізеді

АЛМАТЫ. 28 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы ойындарда қазақстандық боксшылар арасынан астаналық Қанат Әбутәліпов пен Данабек Сужанов алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.
None
None

Онда 56 келі салмақта бақ сынайтын Қ.Әбутәліпов Сирия елінің боксшысы  Виссам Саламанамен кездеседі.  Қанат Олимпиада жолдамасын 2011 жылы Бүкіләлемдік бокс сериясынан иеленсе, Виссам оған биыл Азиялық іріктеу  турнирінде қол жеткізген болатын. Ал Данабек Сужанов (75 кг) үндістандық Вижендер Сингхпен жұдырық түйістірмек. Данабек Олимпиада ойындарындағы тұңғыш жолдамасын Әлем чемпионатында жеңіп алса, Бейжің Олимпиадасының жүлдегері болған қарсыласы оған Азиялық іріктеу турнирінде  қол жеткізді.

Егер қарсыластарынан сүрінбей өтсе, Қанат 1 тамызда 1/16, 6 тамызда ширек, 10 тамызда жартылай, 12 тамызда ақтық сында өнер көрсететін болады. Ал Данабек 1/16 сынды 2 тамызда, ал қалған бәсекелерін  7, 10, 12 тамызда өткізуі мүмкін.



Соңғы жаңалықтар