Олимпиада ойындарында қазақстандықтар арасында ең алғашқы болып өнер көрсеткен садақ атушылар 1/32 финалда бақ сынайды

АЛМАТЫ. 28 шілде. ҚазАқпарат - Кеше  Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында садақ атушылар  жекелей сында алғашқы іріктеу ойындарын өткізді.
None
None

Онда талдықорғандық Денис Ганькин 17-орын, оралдық Анастасия Баннова 54-орын алды. Енді олар 30 тамызда 1/32 финалдық сайыстарын бастайды. Жеңімпаздардың есімдері әйелдер арасында 2 тамызда, ал ерлер арасында 3 тамызда белгілі болады.

Қазір ерлер арасында да, әйелдер арасында да оңтүстік кореялықтар көш бастап келе жатыр. Атап айтқанда, алғашқы бәсекеде ерлер арасында 1-3 орынды  Им Донг-Хьюн, Ким Бубмин мен Чжин Хьюк өзара бөліссе, әйелдер арасында 1-2 орынды Ки Бо-Ба мен Ли Сунь-Чжин иеленді. Ал үшінші орынды тайпейлік  Тан Я-Тинь иеленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар