Олимпиада: Шаңғышылардың эстафеталық жарысында Қазақстан құрамасы 11-ші орын алды

қпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ванкувер олимпиадасындағы шаңғышылардың 40 шақырымға эстафеталық жарысы өтті. Мұнда құрамына Сергей Черепанов, Алексей Полторанин, Евгений Величко және Николай Чеботько кірген Қазақстан құрамасы 11-ші орында болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс жолында бірінші болып жүгірген С. Черепанов әріптесі А. Полторанинге эстафетаны он екінші болып берді. Полтаранин қашықтықты тамаша жүгіріп өтіп, оны бесінші болып аяқтады. Алайда Е. Величко медальға ілігетін тамаша мүмкіндікті пайдалана алмады, сөйтіп соңғы болып жүгірген Н. Чеботькоға эстафетаны он екінші болып берді. Соңғысы қанша тырысқанымен көш ұзап кеткен қарсыластарын қуып жете алмады. Сөйтіп мәре сызығын он бірінші болып кесті. Бұл жарыста Швеция құрамасы бірінші орын алып, олимпиада чемпионы атанды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Норвегия және Чехия құрамалары иеленді.

Соңғы жаңалықтар