16:21, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Олимпиада: Шайбалы хокейден жартылай финалда АҚШ- Финляндия және Канада-Словакия құрамалары кездеседі
қпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ванкувер олимпиадасында шайбалы хоккейден ерлер арасындағы турнирдің жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды. Финалға берілетін жолдаманы АҚШ-Финляндия және Канада-Словакия құрамалары өзара сарапқа салады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, ширек финалда АҚШ Швейцария құрамасын 2:0 есебімен жеңсе, Финляндия да дәл осындай есеппен Чехиядан басым түсті. Ал, Канада құрамасы болса бітіспес қарсыласы Ресейді 7:3 есебімен тас-талқан қылып ұтты. Словакия Швецияны жеңді. Есеп 4:3.