Олимпиадада Ресейге ТМД-ның барлық елдерін қосып қойған

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Тұманды Альбиондағы дүбірлі дода басталмай жатып, Олимпиада ойындарын ұйымдастыру төңірегіндегі дау-дамай бірінен соң бірі толастар емес.
None
None

Мәселен, күні кеше әлемдік спорт сайысының ресми ашылуынан бұрын басталған әйелдер арасындағы футбол ойыны барысында Оңтүстік Корея мен КХДР тулары ауысып кетіп, ұйымдастырушылар біраз масқара болған еді. Ендігі кезекте Украина Лондон Олимпиадасының Ұйымдастыру комитетінен ресми сайттағы  ресей спортшыларының биографиясында кеткен өрескел қателіктерді түзетуді қатаң талап етіп отыр.

Бақсақ, Олимпиаданың ресми интернет сайтында жарияланған ресей спортшыларына қатысты мәліметтердегі спортшылардың туған жерін көрсету барысында Украинаның елді мекендерінің біразы Ресей қалалары ретінде көрсетіліп кетіпті. «Украинаның Олимпиадалық Штаб делегациясы ХХХ Лондон Олимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитетіне ресми үндеу жолдап, Олимпиада ойындарының ресми интернет сайтында жарияланған жалған биографиялық мәліметтерге тез арада өзгерістер енгізу туралы өтініш жасады», - делінген Украина Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарламасында.

Тоқтала кететін жайт, жақында дәл осыған ұқсас наразылықты Грузия тарапы да жасады. Атап айтқанда, ресейлік ұлттық құраманың екі спортшысы - еркін күрес шеберлері Абхазия мен Оңтүстік Осетияда туған Бесик Кудухов пен Дениса Царгуша Ресейде туған болып көрсетілген. «Грузия ҰОК осы фактіге байланысты қатаң наразылық білдіреді және «Лондон-2012» Ұйымдастыру комитетіне көрсетілген өрескел қателіктерді түзетіп, екі спортшының туған жері ретінде Грузияны көрсетуді талап етеді», - деп мәлімделді Грузия Ұлттық олимпиада космитетінде.

Айта кетейік, Олимпиада сайтында Ресейге тек Украина мен Грузия қалалары ғана «өтіп кетпеген». Мәселен, сайттан «ресейлік» Ашхабадты, Баку мен Ереванды, Өзбекстан мен Түркіменстанның қалаларын да кездестіруге болады.

Соңғы жаңалықтар