Олимпиадада семсерлесушілеріміз қобалжып қалды - Ұлттық құраманың аға бапкері В. Димов

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Шәкірттерімнің сәтсіз өнеріне қарамастан, мен оларды әлемдік семсерлесу спортының мықтылары санатындағы спортшылар деп есептеймін,
None
None

- деп хабарлады бүгін ҚазАқпарат агенттігіне Лондоннан телефон арқылы сұхбат берген ҚР семсерлесуден құрама командасының аға бапкері Валерий Димов мәлім етті.      

«Бірақ біз бұдан пайдасы зор сабақ алдық. Соның ішінде осал тұстарымызды анықтадық. Оның бірі - жекпе-жектегі психологиялық даярлық. Біз жарыс жолына шыққан күні, шыны керек, мен өзімнің шәкірттерімді танымай қалдым. Олар өздерін тым сенімсіз ұстап, тіпті абыржып та қалды», - дейді ол.

Оның айтуынша, осынау деңгейдегі жарыстарға алғаш рет қатысып отырған спортшыларда мұндай жағдайлар орын алып жатады. Себебі бүкіл әлем мен туған-туыстардың назары спортшыларда болады. 

«Біздің қарсыластар бүкіл әлем бойынша атағы жер жаратын, ірі турнирлерде қомақты тәжірибелері бар спортшылар болғанын атап өткім келеді. Корейлік семсерлесуші Jinsun Jung біздің Элмир Әлімжановпен алты-жеті рет кездесіп, міне, бұл жолы, өкінішке орай, бірінші мәрте жеңіске жетіп отыр. Өз қателеріміз бойынша жұмыс жасайтын боламыз және келесі ойындарда жоғары жетістіктерге жетуге тырысамыз», - деді В. Димов.

Соңғы жаңалықтар