20:02, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Олимпиададағы бос орындар студенттермен және әскери қызметкерлермен толықтырылады
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Студенттер мен әскери қызметкерлер Олимпиададағы бос орындарды толықтырады.

Мұндай шешімді билеттердің жетіспеушілігінен жанкүйерлердің наразылығына байланысты Ойындардың ұйымдастырушылары қабылдады.
Бұған дейін хабарланғандай, теннис, гимнастика және жүзу бойынша жарыстарда бос орындар көп болған. Анықталғандай, бұл орындар «олимпиадалық отбасыларға» - спорт федерациясының, ұлттық командалардың, Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдері мен демеушілерге арналған екен.
Лондондық ұйымдастырушы комитетінің басшысы атап өткендей, бұндай жағдай Олимпиада ойындарының бірінші күндері таңғаларлық құбылыс емес.