«Олимпиадаға қатысушыларымызды қолдайық» - Ақсудағы акция

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Ақсу қаласында «Олимпиадаға қатысушыларымызды қолдайық!» атты спорттық шара өтеді, деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалынан.
None
None

Қалалық жағалауда Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысушыларды және ақсулық Дәулет Шабанбайды қолдау мақсатында ферроқорытпалар зауытының жұмыскерлерінің қатысуымен митинг өтеді. Бұл зауытта оның әкесі - облыс және республика аумағында танымал болған спортшы, күрес бойынша жарыстардың жүлдегері Еркін Шабанбай еңбек етуде.

Қала көшелерінде 1000 және 2400 метрге жүгіру жарыстары өтеді, оған қала халқының басым денін жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындардың жұмыскерлері, партиялық ұйымдардың белсенділері мен жас жұмыскерлер және барлық ерікті адамдар қатысады.

Акция жеңімпаздарды марапаттау, флеш-моб және аспанға шарларды ұшырумен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар