Олимпиаданың ашылуына санаулы сағаттар қалды

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Сан миллиондаған жанкүйер Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тағатсыздана күтіп отыр.
None
None

Ендеше, спорттағы аса ірі оқиға - Олимпиаданың ашылу салтанатынан тікелей эфирді ел көрермендері Астана уақыты бойынша бүгін түнгі сағат 2.00-де тамашалай алатындығын еске салмақпыз.

Британ астанасының мэрі Борис Джонсон мен Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Жак Рогге қаланың Олипиада ойындарына дайын екендігін жеткізді. Әлемдік спорт мерекесінің басталу белгісін патшайым Елизавета II береді, деп жазды Khabar.kz .

Кеше Ұлыбритания астанасында Олипиаданың ашылу салтанатына соңғы да  басты дайындық өткізілді. Бұған 20 мыңнан астам қатысады.

Айта кетейік, Олипиада ойындарына қатысу үшін қазақстандық спортшылар 25 спорт түрі бойынша 115 лицензияға қол жеткізді. Кеше Лондонға қазақстандық құраманың басты үміті - Нұрмұхан Тінәлиев келді. Ол Қазақстан құрамасының байрақ көтерушісі ретінде таңдалған болатын.

2012 жылғы Олимпиада ойындарын ел аумағында көрсету құқығына «Хабар» және «Ел Арна» телеарналары ие.

Соңғы жаңалықтар