Олимпиаданың ең сұлу қалыңдықтары

Портал ең бірінші орынды Ресей құрамасының Лондон Олимпиадасындағы ту ұстаушысы Мария Шараповаға берді. Талай рет секс-символ атанған теннисші қыздың кірісін Forbes журналы 26 млн. долларға бағалап отыр. Оның күйеужігіті батскетболшы Саша Вуячич оған 2010 жылы сөз салған болатын. Алайда жұрт Шарапованың үйлену тойын әлі сарыла күтіп отыр.
Екінші орынға Парагвайдан келген жеңіл атлетші Лерин Франко лайық деп танылды. Оның 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында көрсеткен сәтсіз өнеріне қарамастан, Л. Франконы талқыламаған адам сірә жоқ шығар. Тіпті әлемдік рекордшы Майкл Фелпстің өзі оның көлеңкесінде қалып қойды. Себебі ол спортта емес, модель ретіндегі жетістігі ұшан-теңіз. Оның «Парагвай аруы» және «Ғаламның бикини аруы» сұлулық байқауларына қатысқаны бар. Қазіргі уақытта сылқым қыз өз елінде отандық телеарналардың бірінде бағдарлама жүргізушісі болып қызмет істейді.
Үздік үштікті Хорватия ұлттық құрамасының баскетболшысы Антония Мисура тәмамдап отыр. Аққұба қыз 24-те, бойы - 178 см. Әзірше ол жанкүйерлерге аса танымал емес, қол жеткізер биігі де әлі алда. Дегенмен ол жұрт арасында «Олимпиада-2012 аруы» атанып отыр. Интернет порталдардың бірінде өткізілген сауалнамада халықтың дені аталмыш баскетболшы қызға дауыс берген.
Рейтингтегі төртінші орын Австралия жүзгіші Стевани Райсқа бұйырыпты. Бейжіңде ол 3 медаль ұтып, әлем рекордын орнатқан болатын.
Италиялық волейболшы Франческа Пиччинини сұлулардың сұлуы ғана емес, жоғары шыңдарды бағындырған беделді спортшы. Сондықтан оған 5-орын тиесілі. 33 жасқа толған спортшы олимпиада медальдарына да, Men's Health және Playboy журналында жарық көрген эротикалық фото жарияланымдары бар.
Келесі орынға ресейлік сұлу, ұзындыққа секіруден ел біріншілігінің жүлдегері Дарья Клишина жайғасты. 2012 жылы ол «Ресейдің ең сексуалды спортшысы» атағына ие болған. 21 жастағы Дарья жар таңдау кезінде оның сұңғақ бойына қарайтындығын айтқан. Себебі спортшының бойы 180 см құрайды.
Жетінші орынға Ұлыбританияның Лондон Олимпиадасындағы ең үлкен үміттерінің бірі - велошабандоз Виктория Пендлтон жайғасқан. Ол ерлерге арналған FHM журналына түсіп, 2009 жылы әлемнің ең сексуалды әйелдерінің тізіміне енген. Жақында Пендлтон өзінің бапкері Скотт Гарнермен бірге отаспақ ниетте.
Сербтік спортшы Ана Иванович бір емес, бірнеше рет әлемнің ең сұлу да тартымды спортшысы атанғаны белгілі. Оның болашақ өмірлік жолдасы Адам Скотт та спорттың адамы. Гольфта біраз атақтарға ие болған ол әлі де болса Ананы жар қылуға асығар емес. Сегізінші орынды иелеленген серб қызы өзінің әдемілігімен алып отыр. Бойы 184 см болатын сұңғақ бойлы Ана өзінің таң қалдырарлық күлкісімен кез келген жігітті есінен тандыратыны анық.
Тізімнің тоғызыншы орнына америкалық Лори "Лоло" Джонс түскен. Джонстың жеңіске деген жігері кез келген спортшыға үлгі болады. Омыртқасына салынған жарақатына орай дәрігерлер оның спорттық мансабына балта шабылды деген сөзіне қарамастан, ол спортты тастаған жоқ, тіпті Лондон Олимпиадасына қатысуда.
Рейтингті жоғарыда аталған қыздардан сұлулығы бойынша кем түспейтін Австралиядан келген спортшы Мелани Адамс тәмамдауда. Ол да XXX жазғы Олимпиада ойындарының алдында жарақат алған еді. Оның сымбатылығы таңдай қақтырады, дегенмен оның жүрегі әлі бос.