Олимпиаданың үшінші күнінде 12 медаль сарапқа салынады

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 12 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
None
None

Атап айтқанда, дзюдошылар 73 келі салмақ санатында ерлер мен әйелдер арасында олимпиада чемпионын анықтайды. Ал жүзуден 4 медаль жиынтығын сарапқа салу көзделуде. Олар: 200 метрге еркін стильде (ерлер), 100 метрге шалқалай (әйелдер), 100 метрге шалқалай (ерлер) және 100 метрге брасс әдісімен (әйелдер) жүзу. Сонымен қатар 10 метрлік трамплиннен ерлердің синхронды секіруінен де медалаь сарапқа салынбақ.

Спорттық гимнастика бойынша ерлер командасы арасындағы біріншіліктің ақтық мәресі өтеді. Бір награда жиынтығы - пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден.

Ал 62 келі (ерлер) және 58 келі (әйелдер) салмақ санаттарында ауыр атлеттер кімнің мықты екендігін анықтайды. Сондай-ақ семсерлесушілер арасындағы әйелдердің жеке біріншілігінің жеңімпазы анықталады.

Соңғы жаңалықтар