Өмірзақ Шөкеев Минскіде өтетін Кеден одағы комиссиясының V мәжілісіне қатысады

МИНСК. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің Беларус Республикасына жұмыс сапары басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бірінші вице-премьер Кеден одағы комиссиясының V мәжілісіне қатысады. Ресми делегацияның құрамына қаржы министрі Болат Жәмішев, «ҚазАгро» холдингінің басшысы Асылжан Мамытбеков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқармасының төрағасы Дулат Айтжанов және басқалар кіріп отыр. Сапар барысында Ө.Шөкеев Минскідегі бірқатар нысандарды аралайды және Беларус Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Владимир Семашкомен кездеседі. Естеріңізге сала кетейік, жақында Астанада өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесіне қатысқан Ресей Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Игорь Шувалов журналистерге берген сұхбатында Кедендік одақты құру үшін жыл соңына дейін Бірыңғай кедендік кодекс қабылдануы мүмкін екенін айтқан болатын. «Кедендік одақты құруға байланысты барлық құжаттар 2011 жылғы қаңтардың 1-інде бекітілуі тиіс болатын. Алайда өткен жылы Қазақстан, Ресей, Беларус мемлекеттері президенттерінің кездесуінде бұл үрдісті бір жылға жылдамдатып, 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап біздің елдер Кедендік одаққа кіруге дайын болуы үшін барлық тиісті шараларды атқару жөніндегі жаңа міндеттер қойылды. Бірегей кедендік тарифті қалыптастыруда бірқатар қиындықтар да кездесті. Бізде Қазақстанмен шамамен 12 пайызға жуық келісілмеген ұстанымдар қалды. ҚР Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен маған маусымның 9-ына дейін бұл мәселелердің жолын табу шаралары тапсырылды. Сондай-ақ Мәскеуде үш елдің Үкімет басшыларының кездесуінде біз келісілген тарифті толық көлемде ұсынуымыз қажет. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар тиісті бекітілген уақыт бойынша атқарылуда», - деді И. Шувалов.
Соңғы жаңалықтар