«Өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру» картасы жүйелі жетілдіруді қажет етеді ? А.Перуашев

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі таныстырған «Өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру» картасы жүйелі жетілдіруді қажет етеді. Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслихаты кезінде «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасының президенті Азат Перуашев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, карта 2020 жылға дейін арналған Ұлттық экономиканы дамыту жоспарының жоспар-кестесіне айналуы қажет. Ол «Жоспар-кесте ? елдегі индустрияландырудың кілті болуы тиіс. Себебі біздің ойымызша, бұнда үйлестірілген, теңдестірілген экономиканың жиынтық көрсеткіштері мен критерийлері жинақталады», - дей келе, картаны жетілдіру ісіне назар аударып, бірқатар ұсыныстар тастады. Жекелей тоқталатын болсақ, А.Перуашев құжатта «тұтыну нарығын оңтайландыру, әсіресе, отандық өндірушілер өнімдерінің өтімділігін ынталандыру бағытында бірқатар мәселелерді нақтылы пысықтау қажеттігін» атап көрсетті. Сонымен бірге, «экономиканы қарқынды индустрияландыруға қатысатын қазақстандық кәсіпорындарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тізімін жасақтау және салааралық кооперацияны кеңейту шараларын қолға алу керек», - деді ол. Оның атап көрсеткеніндей, өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру картасын әзірлеу және жетілдіру мақсатында «Атамекен» экономикалық палатасы салалық қауымдастықтардың құрамынан сараптау тобын жасақтады. Енді кәсіпкерлік орта өздерінің көзқарастары мен пікірлерін қоса отырып, экономиканы индустрияландырудың ауқымды ісіне атсалыса алады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум