Өнеркәсіпшілер форумы отандық өнімдерді жеткізіп беруге бірқатар келісім-шарттар жасауға көмектесті

АҚТӨБЕ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Қазақстандық үлесті дамыту мәселесіне арналған өнеркәсіпшілердің республикалық форумы текке өткен жоқ. Ақтөбелік бірқатар ірі кәсіпорындар отандық өндірушілер арқылы өздерінің өткізу нарығын кеңейтіп қана қойған жоқ, сонымен қатар, Қазақстанның машина жасау зауыттарынан өнімдер алу үшін келісім-шарттар мен келісімдер де жасасты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Форум басқа облыстармен, атап айтқанда өнім өндірушілермен және тұтынушылармен өзара қатынастарды орнатуға жол ашты. Бұл сату көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деп атап өтті облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпараттық саясат, қоғамдық және сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы Бекбол Абдуллин.Оның айтуынша, ақтөбелік делегация ШҚО бойынша өз міндеттерін толығымен орындады. Ақтөбелік төрт ірі кәсіпорын ? «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Қазхром» АҚ, «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» АҚ және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Өскемен мен Семейдің жетекші зауыттарының өнімдерін алу және жеткізу жөніндегі келісімдер мен келісім-шарттарға қол қойды. Ақтөбе хром қосындылары зауыты «Шығысмашзауыт» АҚ, «Қазцинкмаш» АҚ, «Семей метиз зауыты» ЖШС, «Серебряный органикалық емес өндірістер зауыты» ЖШС-інен өнім алуға төрт келісім жасасты. Өз кезегінде ақтөбелік зауыт «Қазцинк» АҚ-ға хром тұздарын жеткізуге уағдаласты.«Қазхром» АҚ өнімдер алу үшін «Шығысмашзауыт» АҚ-мен және «Электр жабдықтары» ЖШС-мен келісім-шарттар жасасты, өз кезегінде ақтөбелік кәсіпорын «Қазцинк» АҚ «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ына өз өнімдерін жеткізіп беру жөнінде уағдаласты. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Рауан-Налко» ЖШС-мен (Атырау) химиялық реагенттер жеткізуге, «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» АҚ кәсіпорны өз өнімдерін (түтіктер мен сораптар) «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына жеткізуге 629,6 млн.теңгеге келісім жасасты.
Соңғы жаңалықтар