Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормалары енгізілді - Мәжіліс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Заң жобасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларын жетілдіруге, бизнеске әкімшілік қысымды азайтуға, қауіпті объектілерде мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізу құқығына аттестатталған және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдардың қызметін реттеуге бағытталған.

Аталған заң жобасы биыл мамырда Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасын талқылау кезінде жұмыс тобы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының ұғымдық аппаратын нақтылау мен редакциялық жақсартуға қатысты түзетулер енгізді және олар бекітілді. Депутаттардың ұсынысы бойынша «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау» жаңа бабымен реттелген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау тетігі енгізіледі.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің қорытындысына қарағанда, заң жобасымен «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңға ерекше индустриялық аймақтарды құру, жұмыс істеу және тарату процесін реттейтін түзетулер, сондай-ақ ерекше индустриялық аймақтардың аумағында жұмыс істейтін инвесторларға өздерінің инвестициялық жобаларына «бір терезе» қағидаты бойынша сараптауды және келісуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нормалар енгізіледі.

Сондай-ақ «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңдарға түзетулер енгізілді. Олар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін беру, кәсіпшілік балық аулауды ынталандыру және балық өсіру шаруашылықтарын дамыту мәселелеріне қатысты болды.

Бұдан басқа, «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңға энергия үнемдеуге және ресурс үнемдеуге, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға бағытталған қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану тетігін іске қосатын нормалар енгізілді.


Соңғы жаңалықтар