«Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында бизнесті қаржыландыру қысқармайды - А. Құлсейітов
«Мәселен, қазіргі кезде кәсіпорындар қандай да бір субсидияны алып, оның аясында жұмысын істеп, қызметін жалғастырады. Ал егер де бұндай субсидиялау тоқтатылса, нарықтың есебінен кейбір кәсіпорын дәл осындай жағдайда әрдайым жұмысын жалғастырып алып кете алмайды. Бастапқыда субсидияның мақсаты кәсіпорынның аяғына тұрып, табысты болуына негізделген. Өкінішке қарай, көбінесе кәсіпорындар мемлекеттің қолдауына тым сенім артып кетеді. Бұл қолдаудың түрі тоқтағаннан кейін, кәсіпорын қиын жағдайға тап болады», - деді А. Құлсейітов.
Оның сөзіне қарағанда, «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында ұсынылатын сервистік тетіктер тиімділікке негізделген. Біріншіден, бизнестің өзі алдында қаржыландырған бағытта қаржыландырылады. Осы арқылы тиімділік мәселелері ескеріледі. Яғни, егер де бизнес өзі қаржы салса, онда ол бастаған ісіне сенетіндігін білдіреді. Бұл тұрғыда бағдарлама аясында бизнестің бастаған ісін жалғастыруға мүмкіндік беріледі.
«Біздің бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемін төмендету қарастырылып отырған жоқ. Керісінше, өтінімдер саны көп болса, Үкімет тарапы, экономикалық блог қаржыландыруды арттыруды қолдайды», - деді А. Құлсейітов