Өңір жұртшылығын Пасха мейрамымен Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний құттықтады

ОРАЛ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний әкей дінге сенушілерді Пасха мейрамымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
None
None

Өңір жұртшылығын қасиетті Пасха мерекесімен құттықтаған Антоний әкей Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында келісім мен тыныштық, өзара түсіністік салтанат құрып отырғанын атап өтті. «Біз ұлтымызға, дінімізге қарай бөлініп көрген жоқпыз. Біз біртұтас Қазақстан халқымыз. Мен Ассамблея сессияларына ұдайы қатысып келемін. Бұл ретте оның жұмысы жемісті екенін айтқым келеді. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің басын қосқан бірегей қоғамдық ұйым ел игілігі жолында жұмыстануда. Пасха мейрамына орай мен барша халыққа ізгілік пен бақыт тілеймін», деді ол.

Соңғы жаңалықтар