Өңірде ауылдық жердегі байланыс қызметі 24,6 пайызға өсіп, 1092,6 млн. теңгеге жетті

ОРАЛ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда ауылдық жердегі байланыс қызметі 24,6 пайызға өсіп, 1092,6 млн. теңгеге жетті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жалпы өңірдегі байланыс кәсіпорындары жыл басынан бері 4380,8 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл өткен жылғыдан 3,8 пайызға аз. Байланыстан түскен табыста халықаралық және қалааралық телефон байланысының үлесі - 35,7 пайыз, жергілікті телефон байланысы - 23,5 пайыз, ғаламтор қызметі - 18,8 пайыз.

Тұрғындарға көрсетілген қызметтен түскен табыс 6,6 пайызға артып, 2474,4 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар