Өңірде бірқатар өнімдерге төмен баға сақталып отыр

ОРАЛ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өзге өңірлермен салыстырғанда бірқатар өнімдерге төмен баға сақталып отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, мысалы, нан, сиыр еті, жартылай ысталған шұжық, сиыр бауыры, балық, майонез, шай, тұз бағасы арзан. Аса маңызды азық-түлік өнімдерінен сегізінің бесеуінің бағасы республикалық орта көрсеткіштен төмен. Соның ішінде қияр 39,9 теңгеге (республика бойынша - 264,9 теңге, облыста - 225 теңге), алма 24,6 теңгеге (149,6 және 125 теңге), апельсин 34 теңгеге (291 және 257 теңге) аз.

Облыс қажеті үшін отандық өндірушілермен өсімдік майын, қант пен тұзды әкелуге келісім жасалған.

Өңірде баға саясаты орнықты екендігін БҚО-ға жұмыс сапары кезінде кеше ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов атап өтті.

Соңғы жаңалықтар